15 тамыз 2018 17:13

Жалған анықтамалар мен дәрі-дәрмектер саудасы. Біртанов жемқорлыққа қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев денсаулық саласында жемқорлықты алдын алу мәселесіне қатысты меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әріптестер, сіздер, 2017 жылдағы жемқорлықпен күрес жөніндегі ұлттық баяндаманың мәліметтері бойынша денсаулық сақтау жүйесінің жемқорлық деңгейі ең жоғары салаға кіретінін барлығыңыз білесіздер. (...) Бірақ біз биыл құқық бұзушылық деректерінің азайғанын көріп отырмыз. Дегенмен бұл бізге босаңсып, белсенділігімізді төмендетуге негіз болмайды", - деді министр құжатқа қол қою алдында.

Сондай-ақ, Елжан Біртанов жемқорлық көп кездесетін жағдайларды айтып өтті.

"Көбіне дәрі-дәрмектер саудасында, медициналық заттар мен жабдықтар алу кезінде көп байқалады. Бұдан бөлек Елжан Біртанов жалған құжаттар мен анықтамалар беру деректерінің көбейгенін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети