Енді жалған дәрі-дәрмектер сатқан азаматтар қылмыстық жазаға тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбековаға сілтеме жасап.
Енді жалған дәрі-дәрмектер сатқан азаматтар қылмыстық жазаға тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбековаға сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Қазақстанға сырттан келген дәрі-дәрмектің 1500 атауы тіркеуден өтпей қалды. Бұл - барлық фармацевтикалық тауарлардың бестен бір бөлігі. "Дәрі-дәрмектің 97 партиясы, ол дәрінің 1 миллион 300 мыңнан астам орамы, сондай-ақ 11 мың келі субстанция, Қазақстан территориясында одан дәрі-дәрмектер жасалады, осының барлығы сапа мен қауіпсіздік талаптарына сай емес деп танылды. Біз өз кезегімізде Қылмыстық кодекске тиісті ұсыныстарды жасадық. Оған сәйкес, жалған дәрі-дәрмектерді таратқаны үшін қылмыстық жаза қарастырылған. Енді солай болады. Бұрын тек әкімшілік жаза ғана тағайындалып, айыппұлдар салынатын", - деді бүгін Қайырбекова Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Министрдің сөзіне қарағанда, Қазақстан азаматтарының 42%-ы дәрі-дәрмекті жарнама арқылы сатып алады. Әрбір екінші қазақстандық дәрігердің рұқсатын алмай, сан алуан антибиотиктерді қабылдайды. Осыған байланысты Қайырбекова дәрі-дәрмекті алған кезде аса сақ болуға кеңес беріп отыр. Алдымен шығарушы туралы мәліметті, тауардың сипаттамасын және тағы басқа ақапаратмен жан-жақты танысып алған жөн.
Айта кетейік, бүгінде жалған дәрі-дәрмектің әлемдік айналымы артып келеді. Оның көлемі 75 миллиард долларды құрап отыр. Ондай дәрілердің 51%-ы Азия елдерінде сатылады. "Ал Қытайға географиялық орналасу жағынан жақын болуымыз біздің фармацевтикалық нарығымызға қауіп төндіріп отыр. Себебі контрафактілік дәрілердің дені сол елден жеткізіледі", - деп атап көрсетті Қайырбекова.