Жалған жұмысқа рәсімдеу: ҚазАвтоЖол еншілес компаниядағы ақша жымқыру туралы хабарлады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалған жұмысқа рәсімдеу: ҚазАвтоЖол еншілес компаниядағы ақша жымқыру туралы хабарлады Фото:depositphotos.com

"ҚазАвтоЖол" еншілес компаниясы филиалының бұрынғы басшысы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"ҚазАвтоЖол" еншілес компаниясы филиалының бұрынғы басшысы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚАЖ мәліметінше, 2024 жылы "КАЖсервис" ЖШС-нің Шығыс Қазақстан облысы филиалында лауазымдық міндеттерін іс жүзінде атқармаған тұлғаларды жалған жұмысқа рәсімдеу арқылы бюджет қаражатын жымқыру деректері анықталған. Нәтижесінде оларға заңсыз еңбекақы төленген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған құқық бұзушылыққа филиалдың бұрынғы директорының қатысы бары анықталып, қылмыстық іс сотқа жолданған.

"Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану) кінәлі деп танылып, 2 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Прокуратураның апелляциялық наразылығы негізінде ШҚО соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы істі қайта қарап, жазаны 3 жыл 6 айға дейін күшейтті. Сонымен қатар келтірілген 6,7 миллион теңге көлеміндегі залал өндіріліп, бүгінгі күні толық көлемде өтелді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.55   555.73   5.81 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети