Жалған не нөмірі жоқ көліктерді анықтау: ІІМ жүргізушілерге ескерту жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалған не нөмірі жоқ көліктерді анықтау: ІІМ жүргізушілерге ескерту жасады Фото © Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

23-25 қаңтар аралығында республика аумағында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шара өтеді. Аталған іс-шараның мақсаты - жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және елдегі заңдылықты нығайту.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері басқа да құзыретті органдармен бірлесіп, еліміздің жолдарында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, құқық бұзушылықтарды анықтайды. Сондай-ақ халықпен, әсіресе жасөспірімдер және жастармен түсіндіру әрі алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

"Жолаушыларды тасымалдау кезіндегі жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жалған немесе мемлекеттік нөмірі жоқ көліктерді басқаратын азаматтарды анықтауға және қауіпті жүргізушілерге басым назар аударылады. Сонымен қатар жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын, ауа райының нашарлауы кезінде жолға шығу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауын бақылау қамтамасыз етіледі", - делінген хабарламада.

ІІМ елді мекендерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап жатқаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.71  course up  591.04  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети