Жалған нөмірлермен көлік басқарған астаналық 4 миллион теңгеге ереже бұзған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалған нөмірлермен көлік басқарған астаналық 4 миллион теңгеге ереже бұзған © Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Жүргізуші куәлігі жоқ Нұр-Сұлтан тұрғыны жалған нөмірлермен 4 миллион теңгеге жол қозғалысы ережелерін бұзған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астаналық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жүргізуші куәлігі жоқ Нұр-Сұлтан тұрғыны жалған нөмірлермен 4 миллион теңгеге жол қозғалысы ережелерін бұзған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астаналық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалған мемлекеттік нөмірлермен автокөлік басқарған Mercedes жүргізушісі ұсталды.

"Ер адам автокөлікті жүргізуші куәлігінсіз айдап, 4 миллион теңгеден астам сомаға жол-көлік ережесін бұзған. Жүргізуші барлық бұзған ережесі туралы сол жерде хабарланды. Ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, 83 340 теңге 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Сондай-ақ, 27 жастағы жүргізушіге қатысты талаптарға сәйкес келмейтін нөмір белгілері бар автокөлікті басқарғаны үшін ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Процессуалдық шешім қабылдану үшін материал Нұр-Сұлтан мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети