Жалған үйірме және миллиондар: Damu Bala арқылы құрылған схема әшкере болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалған үйірме және миллиондар: Damu Bala арқылы құрылған схема әшкере болды видео кадры

Абай облысында балалар шығармашылығын дамытуға арналған Damu Bala платформасы арқылы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысында балалар шығармашылығын дамытуға арналған Damu Bala платформасы арқылы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу барысында "SAMGAU өнер&спорт мектебі" ЖШС директоры шығармашылық үйірмелер мен спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру бағдарламасын пайдаланып, балалардың сабаққа қатысуы жөнінде жалған мәліметтер ұсынғаны анықталған.

"Осы есептер негізінде уәкілетті орган тарапынан жұмыс істемейтін үйірмелерге қаржы бөлініп отырған. Есеп құжаттарында көрсетілген кейбір балалар шын мәнінде сабақтарға қатыспаған, тіпті кейбіреуі бұл бағдарламаға "қатысушы" ретінде тіркелгенін білмеген. Мәселен бір бала Алматы облысында тұратынына және ешбір үйірмеге қатыспайтынына қарамастан, Абай облысында бейнелеу өнері үйірмесінің қатысушысы ретінде тіркелген", - деп жазылған хабарламада.

Мемлекетке келтірілген 23 млн теңге көлеміндегі залал толық өтелген. Сот үкімімен күдікті кінәлі деп танылып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети