Жалған зейнетақы аударымдары: қылмыстық схема әшкере болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалған зейнетақы аударымдары: қылмыстық схема әшкере болды видео кадры

Алматыда жалған зейнетақы аударымдары арқылы несие алу схемасы әшкерленді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жалған зейнетақы аударымдары арқылы несие алу схемасы әшкерленді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті Comfort Time ЖШС және басқа да бақылаудағы кәсіпорындардың басшылығына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Қылмыстық схеманың ұйымдастырушылары бірқатар заңды тұлғаны тіркеп, солар арқылы несие алуды көздеген. Алайда азаматтардың атына жалған зейнетақы аударымдарын рәсімдеген.

"Салдарынан қарыз алушылардың табысы мен төлем қабілеті туралы жалған деректер енгізіліп, банктер соның негізінде несие рәсімдеген. Бұл заңсыз қызмет үшін ұйымдастырушылар қарыз алушылардан берілген соманың 10%-ына дейін сыйақы алып отырған. Көп жағдайда несие алушылар банктер алдындағы міндеттерін орындаудан жалтарған", - деп жазылған хабарламада.

Бұл қылмыстық схема аясында 399 миллион теңге сомасына 140 несие алынған. Көбіне қарыз алушылар қатарында жұмыссыз азаматтар немесе несие тарихы нашар адамдар болған.

Мұндай деректер Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Жетісу, Абай, Маңғыстау, Жамбыл және Ақтөбе облыстарында анықталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети