01 ақпан 2017 | 22:49

Жалқаулар мен қолынан іс келмейтіндерге полицияда орын жоқ - Шымкент әкімі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласының әкімі жалқау және топас полицейлерді жұмыстан шығаратынын айтып, сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шымкент қаласының төрт ауданының жергілікті полиция қызметінің басшылары сөз естіді. Ғабидолла Әбдірахымов полиция басшыларын есеп беру үшін және көрсеткіш үшін жұмыс істеп жүргендерін айтты. 


Иконка комментария блок соц сети

Шымкент қаласының әкімі жалқау және топас полицейлерді жұмыстан шығаратынын айтып, сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шымкент қаласының төрт ауданының жергілікті полиция қызметінің басшылары сөз естіді. Ғабидолла Әбдірахымов полиция басшыларын есеп беру үшін және көрсеткіш үшін жұмыс істеп жүргендерін айтты. 

"Мен кейбір жергілікті полиция қызметінің басшылары орнында қалатынына сенімді емеспін. Мен аудандық жергілікті полиция бөлімшелерінің жұмысына қанағаттанбаймын. Есеп беру үшін ғана жұмыс істеп жүрсіздер. Сіздер тұрғындардан емес, ІІМ-нен қорқасыздар. Ал, полиция тұрғындар үшін жұмыс істеуі қажет! Ең басты бағаны әкім емес, басқа бір бастықтар емес, тұрғындар береді. Егер қызметкерлер жұмысын дұрыс істей алмаса, жұмыстан босату қажет. Жалқау және қолынан іс келмейтіндерге полицияда орын жоқ. Бұл дегеніміз үлкен міндет, полицияға адамдар өзінің әлеуметтік статусын жоғарылату үшін емес, тәртіп орнату үшін келуі тиіс", - деп шүйлікті Шымкент әкімі. 

Ғабидолла Әбдірахымовтың ойынша, қала аудандарында жабайы сауда, такси жүргізушілері, тәулікке жалға берілетін пәтерлер және бос қалған құрылыс алаңдарымен жұмыс әлсіз түрде жүргізіліп келеді. 

Сонымен қатар, қала әкімі, темекі тұқылын қайда болса, сонда тастап жүре беретін адамдармен күресті күшейту керектігін айтты. 

"Көптеген құқықбұзушылық біздің жұмысты толық атқармай жатқанымыздан болып жатыр. Неге темекі тұқылын тастайсың? Себебі қоқыс жәшіктері жоқ. Жағалауларда неге қоқыс көп? Себебі қоқыс контейнерлері жоқ, ал өзімен бірге қоқысты қапқа салып алып кетуді көбісі ойлана бермейді", - деді Ғабидолла Әбдірахымов. 

Қала әкімі осы мәселелерді шешуге полицейлер мен коммуналдық қызмет мамандарына бір ай уақыт берді. Осыған қарамастан, әкім қаладағы жергілікті полиция қызметінің жұмысына жақсы баға берді. Қала бойынша қылмыстық құқықбұзушылық (аса ауыр қылмыс пен ауыр қылмыстар) азайды. Адам өліміне алып келетін жол-көлік оқиғалары азайды. Бір жылда 93 миллион 357 мың теңгеге әкімшілік айыппұл толтырылыпты. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети