Жамбыл ауданында түркі дәуіріне тиесілі жәдігер табылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматы облысы Жамбыл ауданында жұмысшылар үй ауласына су құбырын тарту кезінде ежелгі түркі дәуіріне жататын жәдігерді кездейсоқ тауып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Жамбыл ауданында жұмысшылар үй ауласына су құбырын тарту кезінде ежелгі түркі дәуіріне жататын жәдігерді кездейсоқ тауып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, Оразбековтар отбасы адамның бет-әлпеті бейнеленген тас мүсін ата-бабаларына жарты ғасыр бұрын тиесілі болғанына сенімді. Ол кезде олардың арғы атасы Еламан ауылда құрметті адам болған және балбалтас оның үйінде сақталған, содан кейін оны ұлы Құлымбайға тапсырған.

"Атамыз Еламан осы тасты сақтаған. Біздің ата-бабаларымыз оған жылқыларды байлаған, ал құртты кептіру үшін іліп қоятын болған. Кеңес өкіметі кезінде бұл жәдігер немесе құндылық болуы мүмкін екенін біз де білмедік", - дейді Шилібастау ауылының тұрғыны Роза Шұлғаубаева.

Табылған балбалтастың биіктігі шамамен бір метр болады, ені - 70-80 сантиметр. Тас туралы жергілікті тұрғындар көп естіген. Ал отбасы мүшелерінің өздері бұл жерде тағы екі балбалтас көмілуі мүмкін екенін айтады. Олардың бірі - әйел.

"Бала кезімізде не істемедік? Тасқа ат сияқты мінетінбіз. Доп ойнаған кезде қақпа ретінде пайдаландық. Ол кезде екі тас болған", - деді Шилібастау тұрғыны Нұрдәулет Байбосынов.

Археологтар бұл олжа ежелгі түркі кезеңіне жатуы мүмкін әйгілі балбалтас екенін растады.

"Ежелден бері балбалтастар қайтыс болған адамдардың қабірлеріне айрықша белгі ретінде орнатылды. Олардың көпшілігі бүгінде жоғалып кетті. Көбі қирады", - деді "Таңбалы" тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі бөлімінің бастығы Қуаныш Нұрмақсұтов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro