27 маусым 2019 | 18:02

Жамбыл облысы Арысқа 75 тонна гуманитарлық көмек жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыс қаласында болған жарылыстан зардап шеккендерге алғашқылардың бірі болып әулиеаталықтар қол ұшын созған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Арыс қаласында болған жарылыстан зардап шеккендерге алғашқылардың бірі болып әулиеаталықтар қол ұшын созған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайдың зардаптарын жою және жапа шеккендерге көмек көрсету мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінде арнайы штаб құрылып, жұмысын бастап кетті. Оқыс оқиғаға Жамбыл жұртшылығының берген көмектерін бір орталықта жинау мақсатында арнайы пункттер ашылды. Нәтижесінде Жамбыл облысынан 75 тонна азық-түлік, киім-кешек тағы басқа тұрмысқа қажетті заттар тиелген жүк көліктері Арыс қаласына жеткізілді. Бұдан бөлек медициналық қызмет көрсету мақсатында да қажетті дәрі-дәрмекпен қамтылған арнайы 4 бригада жіберілді. Сонымен қатар Түркістан облысы денсаулық басқармасының сұранысымен 2,2 миллион теңге көлемінде қажетті дәрі-дәрмектер жеткізілді.

Бұдан бөлек, Арыс қаласынан Жамбыл облысына көмек сұрап келген 170-тен аса азаматқа жан-жақты көмек көрсетіліп, жайлы жағдайлар жасалған.

Олармен облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың өзі жүздесіп, xал-жағдайларын білді. Аймақ басшысының тапсырмасымен арыстықтарға барынша жағдай жасалып жатыр. Оларға онда жағдай бір жақты болғанша қалағандарынша тұрақтауларына болады. Қажетті ас-су, медициналық көмек көрсетілген. 2 жедел жәрдем бригадасы, терапевт, мейірбике, псиxологтардың кезекшілігі жолға қойылды.

Сонымен қоса , облыс басшысы Асқар Мырзахметов және оның орынбасарлары мен департамент, басқарма басшылары және аудан әкімдері Арыс қаласындағы жарылыс салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек ретінде бір күндік айлық жалақысын аударды. Бұл бастамаға өңірдегі өзге де мекемелер мен ұйымдар да атсалысып жатыр.

Бүгінде Арыс қаласының аумағы 17 секторға бөлініп, облыстарға бекітілген. Бөлініске сәйкес, Жамбыл облысы жарылыс орын алған аумаққа жақын орналасқан 3-секторда қалпына келтіруге қатысты құрылыс жұмыстарымен айналысады.

Қазіргі таңда 50 адамнан тұратын арнайы топ (обаға қарсы станцияның 16 маманы, тиісті құрал жабдықтармен, дезинфекциялау заттарымен жабдықталған 3 арнайы автокөлік, 13 СЭС маманымен арнайы жабдықталған 3 автокөлік, 20 адамнан тұратын келтірілген шығындарды есептеуші топ) қаланы тазалау, зарарсыздандыру, обаға қарсы дәрілеу жұмыстарымен айналысып жатыр.

Бұдан бөлек құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін тағы 150 адам дайын тұр. Олар облысқа тиесілі 3-секторды тазалау мен қалпына келтіру шараларын атқарады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети