ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қыркүйек 2021 | 09:02
Жамбыл облысы экономикалық өсім бойынша республикада екінші орында
Биылғы сегіз ай қорытындысы бойынша Жамбыл облысының экономикалық өсімі 105,3 пайызға тең болды. Ал, осы орайдағы республикалық көрсеткіш 103,6 пайыз. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Биылғы сегіз ай қорытындысы бойынша Жамбыл облысының экономикалық өсімі 105,3 пайызға тең болды. Ал, осы орайдағы республикалық көрсеткіш 103,6 пайыз. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Өнеркәсіп саласындағы өсім 6,2 пайызға, ауыл шаруашылығы – 1,0 пайызға, құрылыс – 11,3 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй – 6,0 пайызға, инвестиция көлемі - 20,2 пайызға, сауда – 4,4 пайызға артты. Көлік және қоймалау саласында көрсеткіш өткен жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда 4,5 пайызға артты", - деді Жауынбекова.
Сондай-ақ, халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы биылғы бірінші тоқсанда 89,4 мың теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы көріністе 17,2 пайызға артқан. Ал, орташа айлық жалақы екінші тоқсан бойынша 203,8 мың теңгені құрап, атаулы көріністе 25,8 пайызға өскен.
Екінші болып сөз алған қаржы басқармасының басшысы Жақсылық Сапаралиевтің айтуынша, бірінші қыркүйектегі жағдай бойынша облыс бюджетінің кірістері 296,7 млрд. теңгеге немесе 104,8 пайызға орындалған.
Сонымен қатар, меншікті кірістер 64,7 миллиард теңгеге немесе 126,7 пайызға атқарылды. Бұл – облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың ішінде 3-ші көрсеткіш екенін айта кету керек.
"Меншікті кірістер жоспары жергілікті бюджеттердің барлығында артығымен орындалып отыр. Облыс бойынша бюджеттік қаражаттар 299,9 миллиард теңгеге немесе 99,7 пайызға игерілді. Бұл көрсеткіш облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың ішіндегі 2-ші көрсеткіш болып табылады", - деді басқарма басшысы.
Жиынды қорытындылыған облыс әкімі осы бағыттағы жұмыстарды қарқынды түрде жалғастыру керектігін жеткізді.
"Сегіз айдың қорытындысы бойынша нәтиже жаман емес. Жалпы, экономикалық өсім бойынша республикада екінші орындамыз. Дегенмен, біз облыстың әлеуетін әлі де толығымен пайдалана алмай отырмыз. Тоғыз ай, жылдық қорытындымен де барлық көрсеткіштер бойынша республикалық мәннен төмен болмауымыз керек. Ол үшін күнделікті бақылап, саралап отырыңыздар. Статистикамен жұмыс жасаңыздар. Қаржы толығымен игерілуі тиіс", - деді Бердібек Сапарбаев жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеп.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также