Жамбыл облысы экономикалық өсім бойынша республикада екінші орында

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Биылғы сегіз ай қорытындысы бойынша Жамбыл облысының экономикалық өсімі 105,3 пайызға тең болды. Ал, осы орайдағы республикалық көрсеткіш 103,6 пайыз. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Биылғы сегіз ай қорытындысы бойынша Жамбыл облысының экономикалық өсімі 105,3 пайызға тең болды. Ал, осы орайдағы республикалық көрсеткіш 103,6 пайыз. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 "Өнеркәсіп саласындағы өсім 6,2 пайызға, ауыл шаруашылығы – 1,0 пайызға, құрылыс – 11,3 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй – 6,0 пайызға, инвестиция көлемі - 20,2 пайызға, сауда – 4,4 пайызға артты. Көлік және қоймалау саласында көрсеткіш өткен жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда 4,5 пайызға артты", - деді Жауынбекова.

Сондай-ақ, халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы биылғы бірінші тоқсанда 89,4 мың теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы көріністе 17,2 пайызға артқан. Ал, орташа айлық жалақы екінші тоқсан бойынша 203,8 мың теңгені құрап, атаулы көріністе 25,8 пайызға өскен.

Екінші болып сөз алған қаржы басқармасының басшысы Жақсылық Сапаралиевтің айтуынша, бірінші қыркүйектегі жағдай бойынша облыс бюджетінің кірістері 296,7 млрд. теңгеге немесе 104,8 пайызға орындалған.

Сонымен қатар, меншікті кірістер 64,7 миллиард теңгеге немесе 126,7 пайызға атқарылды. Бұл – облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың ішінде 3-ші көрсеткіш екенін айта кету керек.

"Меншікті кірістер жоспары жергілікті бюджеттердің барлығында артығымен орындалып отыр. Облыс бойынша бюджеттік қаражаттар 299,9 миллиард теңгеге немесе 99,7 пайызға игерілді. Бұл көрсеткіш облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың ішіндегі 2-ші көрсеткіш болып табылады", - деді басқарма басшысы.

Жиынды қорытындылыған облыс әкімі осы бағыттағы жұмыстарды қарқынды түрде жалғастыру керектігін жеткізді.

"Сегіз айдың қорытындысы бойынша нәтиже жаман емес. Жалпы, экономикалық өсім бойынша республикада екінші орындамыз. Дегенмен, біз облыстың әлеуетін әлі де толығымен пайдалана алмай отырмыз. Тоғыз ай,  жылдық қорытындымен де барлық көрсеткіштер бойынша республикалық мәннен төмен болмауымыз керек. Ол үшін күнделікті бақылап, саралап отырыңыздар. Статистикамен жұмыс жасаңыздар. Қаржы толығымен игерілуі тиіс", - деді Бердібек Сапарбаев жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеп.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.88  course up  542.94  course up  5.9  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer