Елінің оңтүстік-шығысындағы әскери қақтығыстардан бас сауғалаған Украинаның 20-дан астам азаматы Таразға келді. Босқындардың бірінің құжаты Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің көші-қон полициясы басқармасында рәсімдеуде жатыр. Бұл туралы жергілікті "Новый Регион" басылымы хабарлайды.

Порталдың мәліметінше, Жамбыл облысының көші-қон ведомствосына Сириядан келген Әлмұхаммед Свейда-Айеш Хасан деген азамат та тіркелген. Ол өз отанын тастап, Таразға мәңгі қоныстануды ұйғарған. Сириялық азаматтың мамандығы - дәрігер. Ер адам "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалына хабарласып, кәсібі бойынша жұмысқа орналастыруды сұраған. Сириялықтың сөзіне қарағанда, облыстық денсаулық сақтау басқармасы қазақстандық заңнама талаптарына сүйеніп, шетелдіктің медициналық қызметпен айналысуына құқық бермей отыр.
Донбастың тәуелсіздігін жақтаушылар мен Украина күш құрылымдары арасындағы ұрыс әрекеттері шиеленісе түскен маусым айынан бері Украинаның оңтүстік-шығысынан босқындар легі ағыла бастады. Олардың дені көрші Ресейге барып, пана сұраған. РФ көші-қон қызметі таратқан мәліметке қарағанда, бүгінге дейін Ресейге Украинадан 500 мыңға жуық тұрғын қоныс аударған. Олардың 90%-ы туыстары мен таныстарының үйінде тұрып жатыр.