ПОДЕЛИТЬСЯ
10 сәуір 2017 | 14:37
Жамбыл облысында әжетханаға тасталған қыз жетім балалардың базасына енгізілді
Жамбыл облысында әжетханаға тасталған Жансая Мәжіғұлова жетім балалардың бірыңғай базасына енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жамбыл облысында әжетханаға тасталған Жансая Мәжіғұлова жетім балалардың бірыңғай базасына енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жақында қыздың әжесі қайтыс болды. Енді жалпы тәртіп бойынша біз оны орталықтандырылған есепке енгізіп, Қазақстан азаматтарына республикалық база арқылы қызды асырап алуға құқық береміз", - деді Жамбыл облысы бойынша Балалардың құқығын қорғау басқармасының басшысы Мұхтар Керімбеков.
Керімбековтің айтуынша, қыздың анасы Әмина Мәжіғұлова әлі күнге дейін ата-ана құқығын қайтарып алу туралы өтініш қалдырмаған. Оның айтуынша, әйел сәбиін әжетханаға тастап кеткеніне қарамастан қайтадан ата-ана құқығына ие бола алады.
"Сот мұндай құқықтан айырған жоқ. Соттың ата-ана құқығынан айыру туралы шешімен кейін ол алты ай ішінде ата-ана құқығын қайтара алады. Бірақ жазаның мерзімі әлі аяқталған жоқ, сондықтан ол дәл қазір мұны істей алмайды. Сәбиді біреулер асырап алып, бірақ анасы оны өзіне қайтарып алғысы келген жағдайда бұл мәселемен сот айналысады. Бұл оңай емес. Сот сәбидің кімге жақынырақ екеніне қарап, шешім қабылдайтын болады", - деді басқарма өкілі.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Жансая Тараздағы "Үмiт" балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр.
"Ол қазір бізде. Баланың жағдайы қанағаттанарлық. Жүре бастады", - деді "Үмiт" балалар үйінің бас дәрігері Айжан Жақсымбетова.
Жақсымбетованың айтуынша, қыздың биологиялық анасы әлі келген жоқ.
"Анасы келген жоқ. Біз оны көрген жоқпыз. Әжесі жиі келіп тұратын. Оның да келмегеніне екі ай болып қалды", - дейді балалар үйінің бас дәрігері.
Еске сала кетейік, бұл оқиға 2016 жылдың 3 қаңтарында болған еді. Абай ауылының маңындағы жолдың жиегіндегі қоғамдық әжетханадан тірі сәби табылған. Сәби онда бір сағат бойы жатып қалған, оны жүргізушілер көріп қалған.
Сондай-ақ, қыздын анасы - 21 жастағы келіншектің бір жарым жылға сотталғаны хабарланған болатын.
Показать комментарии
Читайте также