24 қаңтар 2016 | 12:09

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған тікұшақтың ұшқышы зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған тікұшақтың ұшқышы зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған тікұшақтың ұшқышы зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

"ТЖ орны аудан орталығынан шамамен 100 шақырымда және Тараздан 220 шақырымда. Іздестіру жұмыстарына түнгі уақыт пен жолдың жоқтығы кедергі болды. Құтқарушылар "Жаңа әлем әуе компаниясы" ЖШС-ның Ми-2 тікұшағы құлаған жерге келгенде зардап шеккендер болмаған. Кейін тікұшақ ұшқышын куәгерлердің Тараздың №1 ауруханасына жеткізгені белгілі болды", - деді Иманқұлов. 

23 қаңтарда 20.08-де 112 номеріне Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғынынан хабарлама келіп түскен, ол "Садыхан" қыстауынан 3 шақырым жерде тікұшақтың құлағанын көрген.  

ТЖ орнына шұғыл түрде Жамбыл облысының ТЖ жөніндегі бөлімінің және аудандық ішкі істер бөлімінің, Жамбыл облыстық ТЖД бөлімшелері, "Луговое" медик-құтқару пунктінің дәрігерлері, жедел жәрдем бригадасы жөнелтілді. 

Апаттың себебін арнайы құрылған комиссия анықтайды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети