Жамбыл облысында асылған күйі табылған баланың өгей әкесі қамауға алынды

28 Қаңтар 2016, 16:45
2
Жамбыл облысында асылған күйі табылған баланың өгей әкесі қамауға алынды - © КТК кадрлары
© КТК кадрлары

Жамбыл облысында екінші сынып оқушысын оның өгей әкесі өлтірген болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Ерасыл Қабыланбек 25 қаңтарда ағашқа асылған күйі табылған еді. БАҚ-тар сарапшыларға сілтеме жасай отырып, баланы соққы көріп, зорланғанын хабарлаған болатын. Полиция "Кісі өлтіру" және "Сексуалдық мәндегі зорлық әрекеттер" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

"Тергеу барысында балаларды азаптау дерегі анықталды. Өгей әке баланы және оның қарындасын ұзақ уақыттан бері азаптап келген. Осыған байланысты 1980 жылғы ер адамға қатысты "Азаптау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 27 қаңтарда күдікті аудандық соттың шешімімен қамауға алынды және уақытша ұстау изоляторына екі айға қамауға алынды. Барлық қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр, оқиғаның мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты айтылмайды", - деп хабарлады полициядағылар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай