Жамбыл облысында ауыл әкімі тұрғындардың сынынан кейін қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында ауыл әкімі тұрғындардың сынынан кейін қызметінен босатылды Видео кадры

Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Бектөбе ауылының тұрғындары оның жұмысын сынап тастағаннан кейін қызметінен босатылды. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев халыққа есеп беру кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сапарбаев халықпен тиімді кері байланыс орнату бойынша жұмыс ел Президентінің тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқанын айтты.

"Тұрғындардың біздің жұмысымызға берген бағасы маңызды. Қойылған міндетті орындай алмаған әкімдер жауапкершілікке тартылады. Мысалы Бектөбе ауылының тұрғындары есептік кездесуде Қаратөбе ауылдық округі әкімінің жұмысын сынға алды. Нәтижесінде ол қызметінен босатылды", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, ақпан айының басында "Хабар 24" телеарнасы Бектөбе ауылының тұрғындары әкімнің жұмысына 0 балл қойғанын хабарлаған болатын. Тұрғындар ауылды алты жылдан бері басқарып келе жатқан әкім өңірдің дамуы үшін ештеңе істемегенін айтқан. Тұрғындар жер беру және сумен қамтамасыз ету мәселелеріне шағымданған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети