Жамбыл облысы әкімінің 2022 жылғы 2 қыркүйектегі №200 өкіміне сәйкес, облыс тұрғындарының экономикалық әлеуметтік жағдайын көтеру, ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың көкейінде жүрген түйіткілді мәселелеріне ден қою және этносаралық татулықты сақтау мақсатында "Бейбітшілік пен келісім" жобасы қайта жалғасып, ағымдағы жылдың қыркүйек, желтоқсан айларында облысымыздың барлық ауданы мен Тараз қаласында жоспарлы жұмыстар жүргізді.
Жамбыл облысы әкімінің 2022 жылғы 2 қыркүйектегі №200 өкіміне сәйкес, облыс тұрғындарының экономикалық әлеуметтік жағдайын көтеру, ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың көкейінде жүрген түйіткілді мәселелеріне ден қою және этносаралық татулықты сақтау мақсатында "Бейбітшілік пен келісім" жобасы қайта жалғасып, ағымдағы жылдың қыркүйек, желтоқсан айларында облысымыздың барлық ауданы мен Тараз қаласында жоспарлы жұмыстар жүргізді.
Жоба аясында құрылған жұмысшы топтар бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімдіктері мен Тараз қаласы әкімінің орынбасары бекіткен күнтізбелік жұмыс жоспарларға сәйкес түйткілді мәселелері бар барлығы-163 елді мекен тұрғындарымен кездесті.
"Этносаралық және конфессияаралық келісім" (І топ), "Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу және бизнесті дамыту" (ІІ топ) және "Құқық қорғау" (ІІІ топ) жұмысшы топтары өз салалары бойынша аудандарда – 808 іс-шара (1-топ 393 іс-шара, ІІ-топ 390 іс-шара, ІІІ-25 іс-шара) ұйымдастырып, 28 869 адамды (1- топ – 13 680 адам, 2-топ – 14 260 адам, 3-топ – 929 ) қамтыды.
Этностар тығыз шоғырланған және түйткілді мәселелері бар (Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Мойынқұм, Меркі, Сарысу, Талас, Т.Рысқұлов, Шу аудандарының) өңір тұрғындарының проблемаларын нақты шешу бойынша жұмыстар жүргізген мекеме-кәсіпорын басшылары мен өкілдері жоба барысында 488-кездесу, 130-қоғамдық қабылдау өткізілді.
Жұмысшы топ мүшелері тұрғындарды толғандыратын 111 мәселені қарап, бірден жауабын берді. Сонымен қатар, 36 семинар-тренинг өткізіліп, 130 түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 45 азаматтың қайтарымсыз грант алу мәселесі шешілді. Жұмыссыз жүрген 186 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 77 адам қоғамдық жұмысқа, 16 жас жастар тәжірибесіне жолдама алды.
Облыстық дін істері басқармасы Аудардағы жергілікті полиция, ҰҚКД аудандық бөлімшелері мен аудан әкімдіктері бірлесіп, деструктивті діни ағымдағы 160 адамның тұрғылықты мекен жайына барып, оның 86-сына ақпараттық-түсіндіру және жеке кездесу жұмыстарын жүргізді.
Облыс әкімдігінің басқармалары мен кәсіпорындары, қаржылық институттар, ауылшаруашылық ұйымдары мен кәсіпкерлікке баулу орталықтары мен құқық қорғау органдарынан жасақталған 3 жұмыс тобы облыстағы 10 ауданның тұрғындарымен кездесу барысында 159 түйткілді мәселе көтерілді.
Бұл мәселелердің көпшілігі үй салуға және мал жайылымына жерге кезекте тұрғандардың жыл санап артуы, автокөлік жолдарын асфальттау, денсаулық сақтау саласына тұрғындар наразылығы, жол көлік қозғалысының қауіпсіздігін реттеу және мектепті кеңейту, бала бақша мен мәдениет үйлерін, спорттық алаңшалар салу.
Өткен жылғы "Бейбітшілік пен келісім" жобасы аясында 7 ауданда барлығы 219 мәселе көтеріліп, оның 216 мәселесі шешімін тапқан болатын. Тек, Қордай ауданындағы ауыз су құрылысы 2023 жылға өтпелі.
Жалпы, облыс тұрғындары кездесулер мен ашық алаңдар өткізу кезінде жеке басының емес, ауыл тұрғындарын алаңдататын оның ішінде облыс және республикалық мәндегі мәселелерді көтерді.
Қазіргі уақытта "Бейбітшілік пен келісім" жобасы халықтың әл-ауқатын көтерудегі мемлекеттік бағдарламаларды түсіндірудің, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шұғыл шешудегі республикадағы жемісті жобалардың қатарында.
Жамбыл облысында биыл үшінші рет өткізілген жоба әлі жалғасуда. Жұмысшы топ мүшелері осы аптаның сәрсенбісін қосқанда Тараз қаласындағы округтерде қала тұрғындарымен түрлі бағытта кездесіп, түйткілді мәселелерінің шешілуіне үлес қосатын болады.
Облыс жұртшылығының әлеуметтік мәселелерін шешу және өңірдегі этносаралық келісімді тұрақтандыру, оны дамытудың бағыт-бағдарын арттыру бойынша жұмыстар жалғасады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!