Ақкөл су қоймасы 95 пайызға толып, енді оның мөлшерін азайту үшін Аса өзені арқылы көп мөлшерде су жіберіліп жатыр, - деп хабарлайды КТК арнасы. Енді оның өзі арнасына сыймай жатыр. Кез-келген уақытта ернеуінен асып, жолдағыны шайып кетуі мүмкін. Бірақ жергілікті билік тұрғындарды сабырға шақырды. Апатты болдырмау жұмыстары алдын ала жүргізілген дейді олар.

Ақкөлге биыл соңғы елу жылда болмаған су жиналған. Оның сыйымдылығы 264 миллион текше метр болса, қазір 251 миллионға жетіпті. Ернеуінен асып, таситын болса етектегі елді тегіс шайып кетуі мүмкін. Сондықтан судың көлемін азайту үшін Аса өзені арқылы жіберіліп жатыр.
"Ендігі қауіп платинадағы шлюзды жұлып кетпесе болды. Әңгіме сонда болып тұр. Көшіңдер деп жатыр, көшіп жатырмыз", - дейді Ақкөл ауылының тұрғыны Берікжан Әшірімбет,
"Қазір ауылдағы 240-қа жуық үйдің, 19-ын су басу қаупі бар. Әкімдік оларды көшіруге қамдануда. Алайда көбінің баспанасын тастап кеткілері жоқ. Құжаттарды, банкомат карточкасын бәрін чемоданға салып жоғарыға қойып қойдық. Сатыны да қойып қойдым шиферға. Бір нәрсе болса, үстіне шығып кетейік деп. ", - дейді Ақкөл ауылының тұрғыны Амантай Құлшынбаев.
Бұған дейін Аса өзені тек табанында ғана сыздықтап ағатын. Қазір оның деңгейі бірнеше есеге дейін көтеріліп, жұрттың зәресін алуда. Оған негіз де жоқ емес. Өйткені кей тұрғындардың қораларына су жайыла бастаған. Ал атқарушы билік бұқараның дүрлігуі орынсыз дейді. Айтуларынша, олар каналдың жиегін таспен көтеріп қауіптің бетін сейілткен.
"Жағалауды жақсылап бекітіп алдық. Ешқандай платина жағынан қауіп жоқ. 151 куб суды жіберу үшін біз алдын ала үлкен жұмыс жасадық. Яғни осы көлдің өзен ұзындығы 5 км. Сол екі шетін биіктеттік. Қаппен, таспен", - Талас ауданының әкімі Болат Рысмендиев.
Қазір мұнда барлық құзырлы орын мен сарбаздарды қосқанда жалпы саны 500-ге жуық адам апаттың алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Яғни, тасқын бұзып өтпес үшін арнаны биіктетіп жатыр. Дегенмен, шенеуніктерге арқаны кеңге салуға әлі ерте. Себебі, алдағы екі күн жаңбырлы болады деп күтілуде.