Жамбыл облысында анасы тасжолдағы дәретханаға тастап кеткен қызды туыстары асырап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жамбыл облысында анасы тасжолдағы дәретханаға тастап кеткен қызды туыстары асырап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жамбыл облысы Тұрар Рұсқұлов ауданы әкімінің жарлығымен 21 маусымда Жансая Мәжіғұлованы нағашы ағасы асырап алды", - делінген Тараз қаласы білім басқармасының хабарламасында.
Балалар үйінінің өкілдері Жансаяны мекемеден алып кеткендігін айтады.
Мұның алдында Жансаяны нағашы ағасы асырап алатыны және оның әпкесіне қамқоршы болатыны хабарланған болатын. Енді балалар бір отбасында тәрбиеленетін болады. Ал Жамбыл облысының ювенал соты олардың анасын ата-ана құқығынан айырған болатын.
2016 жылдың 3 қаңтарында Жансаяны Жамбыл облысы Абай ауылына жақын жерде анасы тастап кеткен болатын. Нәресте жүргізушілер оны тауып алғанша дәретханада екі сағаттай жатқан. Нәрестені ол жерден құтқарушылар алып шыққан.
Кейін полиция оның анасын тапқан еді. Әйел бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ уақыт өте ол рақымшылық бойынша бостандыққа шықты.