07 сәуір 2014 17:10

Жамбыл облысында жалған ақша жасаушылар қолға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация tengrinews.kz Иллюстрация tengrinews.kz

Жамбыл облысының қаржы полициясы жалған ақша купюраларын жасаған екі астыртын цехтың заңсыз әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Жамбыл облысының қаржы полициясы жалған ақша купюраларын жасаған екі астыртын цехтың заңсыз әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері наурыз айында Тетиков, Шурумбаев, бұрын сотты болған Ванаймоз және Әзірбайжан азаматы Аслановтардың 200, 500, 1000, 2000, 5 000, 10 000 теңгелік жалған ақша номиналдарын шығарып, оны сақтап, өткізу мақсатымен шұғылданған екі астыртын цехтың жұмысын анықтады",- делінген хабарламада.

Қылмыскерлер жалған купюралар шығару үшін көп атқарымдық түрлі- түсті принтерлер, дербес компьютерлер, арнайы қағаз, қағазды кесуге арналған қажетті керек-жарақтарды пайдаланған. Қазір қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қолға түсіп, тергеу изоляторына қамалды.

"Қылмыстық істі тергеу барысында департамент қызметкерлері Қазақстанның аумағына жалған купюралардың түрлі номиналдарын сақтап, бірнеше жылдан бері өткізіп келген 500-ден аса эпизодты анықтады", - делінген таратылған хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети