16 қараша 2022 | 18:55

Жамбыл облысында жалған құжат жасаумен айналысқандарға қатысты ресми жауап берілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Жамбыл облысында жалған техпаспорт жасаумен айналысқандар ұсталды деген ақпаратқа ведомство ресми жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Желіде Жамбыл облысында жалған техпаспорт жасаумен айналысқандар ұсталды деген ақпаратқа ведомство ресми жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"16 қараша БАҚ-та жалған техникалық паспорттар сатқан МХҚО қызметкері туралы хабар тарады. Мемлекеттік корпорация бұл ақпаратты растамайды. Ұсталған азаматтар Ахметова И. және Қанатбай М. "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ-тың Жамбыл облысы бойынша филиал қызметкерлері емес.
Мән-жайды анықтау барысында Қанатбай М. өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жеке тұлға аумағында кеңсе тауарларын сату, фотокөшірмелер және фотосуреттерді басып шығару бойынша қызмет көрсететіні анықталды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, аталған тұлғалар өз қызметтерін ХҚО-ға жақын жерде көрсеткендіктен Жамбыл облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсталған адамдардың жұмыс орнына қатысты теріс мәлімет берген.

"Қазіргі таңда Шу ауданындағы Халыққа қызмет көрсету бөлімінің барлық қызметкері штаттық режимде жұмыс істейді, олардың оқиғаға қатысы жоқ", - деп толықтырылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында жалған құжат дайындаумен айналысқандар ұсталды деген хабар тараған болатын.

Жамбыл облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде көлік құралын тіркеудің жалған куәліктерін (техникалық паспорттарды) дайындағандарды ұстады. Олар - Шу ауданы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері және оның сыбайласы - осы мекеменің бұрынғы қызметкері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети