Жамбыл облысында жалған нөмірмен жүрген көлік жүргізушісі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында жалған нөмірмен жүрген көлік жүргізушісі ұсталды Фото: polisia.kz/

Жамбыл облысында жалған нөмірмен жүрген көлік жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында жалған нөмірмен жүрген көлік жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері жылдамдықты асырған Lexus LX 600 автокөлігін анықтады. Тексеру барысында көлік жүргізушісінің жалған мемлекеттік нөмір таққаны және оның жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, жүргізушінің 1,5 млн теңгеден астам айыппұл берешегі бары анықталды.

"Құқық бұзушыға бірнеше әкімшілік хаттама толтырылып, оған көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен көлік жүргізгені, жылдамдықты асырғаны және жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра көлік басқарғаны үшін жалпы 117 960 теңге айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ол бес тәулікке әкімшілік қамауға алынып, бір жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Көлік құралы айып тұрағына қойылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети