Жамбыл облысында жаңа босанған ана мен сәбидің өлімі: полиция мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында жаңа босанған ана мен сәбидің өлімі: полиция мәлімдеме жасады Фото:depositphotos.com

Жамбыл облысы Шу ауданында 25 жастағы жаңа босанған ана мен сәби қайтыс болды. Осыдан кейін қалалық аурухана қызметкерлеріне қатысты тексеру жүргізілетіні айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы Шу ауданында 25 жастағы жаңа босанған ана мен сәби қайтыс болды. Осыдан кейін қалалық аурухана қызметкерлеріне қатысты тексеру жүргізілетіні айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы 3-бөлігі – "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеттер" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ комиссиялық сот-медициналық сараптама тағайындалған.

"Жамбыл облысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментіне Шу қалалық ауруханасы қызметкерлеріне қызметтен тыс тексеру жүргізу туралы сұрау-хат жолданды", – деп хабарлады департамент өкілдері.

Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында полицейлер қажетті кешенді тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, наурыздың басында Шу қалалық ауруханасында 25 жастағы әйел комаға түсіп, сәбиінен айырылып, кейін өзі де көз жұмған болатын. Марқұмның туыстары оның өліміне дәрігерлерді кінәлап, олардың әрекеттерін тексеруді талап еткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети