Жамбыл облысында қар барыстары видеоға түсіп қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында қар барыстары видеоға түсіп қалған Видеодан алынған кадр

Жамбыл облысында үш қар барысы фототұзақ объективіне түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында үш қар барысы фототұзақ объективіне түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысының Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) 11 сурет жолдаған.

Қар барысы Жамбыл облысында алғаш рет видеоға 2019 жылдың соңында түсіп қалған еді. Содан бері жабайы аңдар шамамен 20 рет фототұзақ объективінен көрінді.

Мамандардың айтуынша, жыртқыштың тауда жүруі ондағы экожүйенің жақсы екенін, азығының барын және Меркі орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесі жүзеге асыратын экологиялық шаралардың тиімді екенін көрсетеді. Бұл жағдайлар Меркі ауданында ерекше қорғалатын табиғи аумақ құру үшін негіз бола алады. 

"Ерекше қорғалатын аумақ құру - қар барысы мен Қызыл кітапқа енген жануарлардың басқа да түрін қорғауға көмектеседі, сондай-ақ экотуризмнің дамуына және жергілікті халық арасында жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді", - деп атап өтті БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш.

Қар барысы - әлемнің 12 елінде мекендейтін сирек кездесетін және аз зерттелген мысық өкілінің бірі. Мамандардың есебі бойынша, Қазақстанда 130-дан 150-ге дейін қар барысы бар. Олар азаюына және жойылу қаупіне байланысты Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети