Жамбыл облысы Қордай ауданының құрметті азаматы Сәрсебек Салыбаев аз қамтылған үш отбасыға үй сыйлады. Салтанатты шара Алғыс айту күнінде "Туған жерге тағзым" акциясы аясында өтті, - деп хабарлайды жергілікті taraztv.kz арнасы.

Салыбаев - қордайлық танымал меценат. 2017 жылы ол бес отбасыға үй сыйлаған еді, бұл жолы үш отбасын баспанамен қамтамасыз етті.
Гүлмира Добай даяшы болып жұмыс істейді және екі баласын жалғыз өзі асырап отыр. Әйел адам "өз үйім болса" деп армандап келген. Алғыс айту күні оның арманы орындалды. Меценаттың қолынан жалғызбасты ана Раяна Бектұров пен Әуелбек Балбек үйдің кілтін алды.
Телеарна мәліметінше, кәсіпкер қайырымдылық шарасымен айналысып қана қоймай, көптеген аудан тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр екен.