Жамбыл облысында қазақ күресі клубы ашылды деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Кazakhstanbarysy.kz сайтына сілтеме жасап.
Жамбыл облысында қазақ күресі клубы ашылды деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Кazakhstanbarysy.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстан барысы" турнирінің жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев түлеп ұшқан өңірде былтыр әлемнің бірнеше мемлекетіне тараған Eurasia Barysy турнирінің жалауы желбіреген болатын. Енді елімізде бірінші болып, Тараз жерінде қазақ күресінен клуб жасақталып отыр. Қазақ күресі балуандарының басын қосқан клубтың ашылғаны төл күрестің жанкүйерлері үшін күтпеген жаңалық болып отыр.
"Бұл - облыстағы ең маңызды оқиғалардың бірі", - дейді Жамбыл облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбеков.
"Әкімдіктің қолдауымен біз спортшылар мен бапкерлерге жаңа мүмкіндік сыйлайтын қазақ күресі клубын ашып отырмыз. Бүгінде облыстағы қазақ күресінің үйірмесі бар 18 спорт мектебінде 51 бапкер қызмет етеді. Одан бөлек, 1300 балуан аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық сындарда бақ сынап жүр. "Қазақстан Барысы" қазақ күресін дамыту қоры мен Арман Шораевтың қолдауы арқасында, қазақ күресі қанатын кеңге жайып келеді. Шораев Қазақ күресі федерациясын басқару арқылы ісіміздің алға басуына септігін тигізуде. Осыдан соң, ұлттық күрестің болашағы барына спортшылар мен бапкерлер және күллі жанкүйер қауымы шүбә келтірмейді", - дейді облыс спортының басшысы.