Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандарға қатысты жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандарға қатысты жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
6 сәуірде Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған бес адам тіркелген болатын.
Ауырғандардың бірі Шымкент қаласының 1999 жылғы тұрғыны екені анықталды. Қыз 3 сәуірде Дели-Тараз рейсімен келген екен.
Сондай-ақ, Тараз қаласының 59 жастағы тұрғынынан инфекцияға тапсырған талдауы оң нәтиже көрсетті. Ол бұған дейін ауырған науқаспен байланыста болған. Онымен қарым-қатынаста болған 24 адам анықталып, карантинге жатқызылды.
Үшінші науқас - облыс орталығының 86 жастағы тұрғыны. Эпидемиологиялық тексеру барысында оның 17 наурызда Алматыдан келген жақын туысымен байланыста болғаны белгілі болды. Науқаспен қарым-қатынаста болған 5 адам анықталып, карантинге жатқызылды.
Сондай-ақ, Меркі ауданының 1990 және 1998 жылы туған екі тұрғынының талдау қорытындалары оң нәтиже көрсеткен. Олармен байланыста болған 17 тұлға карантиндік стационарға орналастырылып, оқшауланды.
Әкімдіктің мәліметінше, бүгінде байланыста болған адамдарды анықтау, оларды карантиндік стационарға орналастыру, зертханалық зерттеу үшін талдаулар алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Санитарлық-эпидемиялық қызметтер олардың тұрғылықты және барған жерлері бойынша дезинфекциялық өңдеу шараларын жүргізді.
Қазіргі таңда жалпы облыс бойынша коронавирустың 40 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 11 адам шекаралық өткізу пункттерін кесіп өту кезінде, 6 жолаушы Дели рейсінен анықталған. Таразда 5 оқиға, Қордай ауданында – 14, Меркі ауданында – 2, Шу және Жамбыл ауданында бір-бірден тіркелген.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!