Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған қыз туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған қыз туралы не белгілі?

27 наурызда Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың үшінші жағдайы тіркелген болатын. Науқас Қазақстанға Қырғызстаннан келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

27 наурызда Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың үшінші жағдайы тіркелген болатын. Науқас Қазақстанға Қырғызстаннан келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. 

Науқас Қордай ауданының тұрғыны. Ол 1996 жылы туған. 24 наурызда Қырғызстан Республикасынан келген.

"Белгіленген алгоритм бойынша бойжеткен карантиндік стационарға жатқызылды. Зертханалық талдау нәтижелері коронавирустың оң нәтижесін көрсетті", - делінген ақпаратта.

Науқас инфекциялық стационарға жатқызылған.

"Жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуының көтерілуі және коронавирустың өзге белгілері байқалмайды. Коронавирус инфекциясына диагностика және оны емдеу бекітілген хаттама бойынша жүзеге асырылып жатыр. Қарым-қатынаста болған тұлғалар анықталып, карантинге жатқызылды. Олардың анализдеріне талдау жасалып жатыр", - делінген баспасөз мәліметінде.

Еске салайық, бүгін Алматыда коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында - 47 адам, Қарағанды қаласында - 4, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам, жалпы 120 науқас тіркелді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети