Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар жоқ - Министрлік

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар жоқ - Министрлік © Әлихан Сариев

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған болуы мүмкін деген науқастар жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанның 150 азаматы Оңтүстік Кореядан Жамбыл облысына жеткізілді деген ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді комитеттегілер. 

Ведомство мәліметі бойынша, Жамбыл облысында коронавирустың жетуі мен таралуының алдын алу үшін барлық шара жасалып жатыр, медициналық ұйымдардың бәрі дайын, күн сайын шетелден келгендер бақылауда болады.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті халықты жалған ақпарат таратпауға шақырды. Сондай-ақ, фейк-жаңалық таратқан адамдардың жауапқа тартылатынын ескертті. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети