Жамбыл облысында көршілер жанжалы пышақтасумен аяқталған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында көршілер жанжалы пышақтасумен аяқталған Фото:depositphotos.com

Жамбыл облысында көршілер арасындағы жанжал пышақ жарақатымен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл облысында көршілер арасындағы жанжал пышақ жарақатымен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мән-жайы

Биыл қыркүйекте Шу ауданы Төле би ауылында Д. мен оның көршісі Б. арасында жанжал туындаған. Б. Д.-ға уақытша құрылыс құралдарын беруден бас тартқан. Осылайша жанжал төбелеске ұласқан, артынша Д. үстелде жатқан пышақты алып, Б.-ның іш тұсына сұғып алған.

Жәбірленуші ауыр жарақат алып, Шу қалалық ауруханасына жеткізілген.

Сот үкімі

Д. ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды, оған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып, тағайындалған жаза шартты деп танылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 472.42   544.68   5.88 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети