13 сәуір 2022 | 08:50

Жамбыл облысында қытайлық компания жұмысшылары наразылыққа шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© inbusiness.kz © inbusiness.kz

Жамбыл облысында салынып жатқан Меркі-Бурылбайтал тасжолында жұмысшылар наразылыққа шықты. Олар жалақыны көбейтіп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етеді. Бұл туралы Atameken Business телеарнасы сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында салынып жатқан Меркі-Бурылбайтал тасжолында жұмысшылар наразылыққа шықты. Олар жалақыны көбейтіп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етеді. Бұл туралы Atameken Business телеарнасы сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Наразылыққа шыққандардың айтуынша, соңғы үш жылда қытайлық компания оларға ең төменгі жалақыны төлеп келеді. 80-нен астам жұмысшы Қазақстан Президентінен көмек сұрап, басшылық барлық талапты орындамайынша жұмысқа шығудан бас тартты.

"Біз қытайлық компанияда жалдамалы жұмысшылармыз. Мұндай жағдайға шыдамайтынымызды екі айдан бері айтып жүрміз. Бізге: "Ұнамаса кетіңдер" деді. Мұнда тіпті арнайы киім де жоқ", - дейді жұмысшы Мергенбай Дабылов.

Жол учаскесі құрылысында 200-ге жуық жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған. Бұл ретте жалақы 60 мың теңгеден басталып, 120 мыңнан аспайды. Жұмысшылардың айтуынша, 10 сағаттық жұмыс күніне бұл мардымсыз жалақы.

Қытайлық компания басшылығы жобаның өзі тиімсіз екенін айтты. Барлық есептеулер 2017 жылғы бағалау негізінде жасалған. "2017 жылдан бері құрылыс материалдарының бағасы айтарлықтай өсті. Осы себепті жалақыны көтере алмай отырмыз", - дейді компанияның бас инженері Цюань Ицюань.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров мәселені тек Қытай тарапы ғана шеше алатынын атап өтті.

"Не айтатынын күтейік. Уәде еткендеріндей, үш күнде жалақыны көтере ме. Шешілмесе, Бас прокуратураға жүгінеміз", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети