12 тамыз 2023 16:33

Жамбыл облысында қызметтік ит ер адамды есірткі дайындап жатқан жерінен тауып алды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Жамбылдық полицейлер ауыл тұрғынынан 50 келіден аса есірткі тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жамбылдық полицейлер ауыл тұрғынынан 50 келіден аса есірткі тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-профилактикалық іс-шара аясында Шу ауданында жабайы қарасора өсетін жерлерде бұрын сотты болған 39 жастағы жергілікті тұрғын есірткі дайындау кезінде ұсталды.

"50,3 келі кептірілген марихуана және каннабис өсімдігі есірткі құралдары тәркіленді. Жедел-іздестіру іс-шараларын Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ, ҚР ІІМ ЕҚҚІД, ҰҰ "Бүркіт" АМБ қызметкерлері Теа атты қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып жүргізді", - делінген хабарламада.

Ұсталған адам кінәсін мойындап, Шу қаласындағы УҰИ-ға қамауға алынған. ҚР ҚК-ның 296-бабы 4-бөлігімен соталды тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети