Жамбыл облысында полицей өзіне қол жұмсады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында полицей өзіне қол жұмсады Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысында полицей өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысында полицей өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 12 ақпанда кешкі уақытта Жасөркен ауылында болған. Полиция қызметкері, 2003 жылы туған азамат, қызметтік қарудан өз басына оқ атып, көз жұмғаны хабарланды.

Облыстық Полиция департаменті аталған факт бойынша "Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу" бабы бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта тергеудің толық, объективті және жан-жақты жүргізілуіне бағытталған барлық қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети