29 сәуір 2016 12:31

Жамбыл облысында полицей суға кете жаздаған төрт жасар қызды құтқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Жамбыл облысының ІІД баспасөз қызметі © Жамбыл облысының ІІД баспасөз қызметі

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында полицейлер суға батып кете жаздаған төрт жасар қызды құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында полицейлер суға батып кете жаздаған төрт жасар қызды құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 27 сәуірде Мойынқұм ауылында болған. Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы Талғат Көдеков терең каналдың маңынан өтіп бара жатып, балалардың "Жүз!" деп айғайлап жатқанына назар аударады. 

"Каналға жүгіріп барған ол суға батып бара жатқан қызды көреді. Полиция майоры суға секіріп, қызды жағаға алып шығады. Жедел жәрдемнің келуін күтпей полицей оған бірінші жәрдемді көрсетеді. Дем жасағаннан кейін қыз есін жинайды. Осыдан кейін қыз аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді", - деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД өкілдері.  

Қазіргі уақытта кішкентай Томирис балалар бөліміне ауыстырылды, оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. 

Сөйтсе, қыз балалармен ойнап жатып, арнаға құлап кеткен екен. 

Томиристың ата-анасы полиция майоры Талғат Көдековке алғыс айтты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети