Жамбыл облысында ірі көлемдегі есірткі арнасы әшкереленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында ірі көлемдегі есірткі арнасы әшкереленді Фото:polisia.kz

Жамбыл облысында ірі көлемдегі есірткі арнасы әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында ірі көлемдегі есірткі арнасы әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері есірткі заттарын аса ірі көлемде өткізу фактісінің жолын кесті.

Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері жүргізген арнайы операция барысында Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық тас жолында Mitsubishi Pajero автокөлігі тоқтатылған.

"Тексеру кезінде көліктегі 51 жастағы жолаушының жанынан 1,5 келі гашиш есірткісі табылды. Тергеу барысында Алматы қаласының тұрғыны аталған тыйым салынған затты Шу ауданының 47 жастағы тұрғынынан 170 000 теңгеге сатып алғанын мойындады. Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, оның Шу ауданы Жаңажол ауылының тұрғыны екені белгілі болды. Полицейлер оның үйінің ауласын тінту кезінде Макс атты қызметтік иттің көмегімен жасыл түсті өсімдік қалдықтары салынған ыдыс пен елек табылды.

Сонымен қатар күдіктінің үйінің қарама-қарсы жағында орналасқан қараусыз қалған ғимаратты тексеру кезінде жалпы салмағы 26 келіден асатын гашиш пен 143 келіден астам кептірілген марихуана салынған полиэтилен қаптар тәркіленді", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети