Жамбыл облысында сарбаз өлімі: әскери прокуратура үкімге шағымданады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Сурет ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Әскери прокуратура Жамбыл облысындағы сарбаздың өліміне қатысты үкімге шағымдануға ниетті. Бұл туралы бас әскери прокурор Дастан Секенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Әскери прокуратура Жамбыл облысындағы сарбаздың өліміне қатысты үкімге шағымдануға ниетті. Бұл туралы бас әскери прокурор Дастан Секенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл 24 тамызда Шымкент гарнизондық соты Жамбыл облысындағы "Шөлдала" шекара заставасында мерзімді әскери қызметшіні өз-өзіне қол жұмсауға жеткізді деген күдікпен 40 жастағы аға сержант А.Нұртайды ақтады. Соған қарамастан, сот оны қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, бопсалағаны үшін кінәлі деп тауып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырды.

Бүгін журналистер Сенат дәлізінде істің мән-жайын бас әскери прокурор Дастан Секеновтен сұрады.

"Үкім шықты. Өзін-өзі өлтіру дерегі бойынша материал жеке өндіріске бөлінді. Біз бұл үкіммен келіспейміз, оған шағымданамыз. Мен шағымдану қорытындысы шыққаннан кейін сіздерге ақпарат бере аламын. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін іске ораламыз. Біздің бастапқы нұсқамыз - ол келісімшарт жасаушының кесірінен өз-өзіне қол жұмсады", - деді ол.

Айта кетейік, 2022 жылы тамызда Жамбыл облысында 18 жастағы мерзімді сарбаз өз-өзіне қол жұмсады. Мерзімді қызметкер қайтыс болғаннан кейін бес әскери қызметкер жұмыстан шығарылды.

2023 жылы 20 қаңтарда ұсталған адамның адвокаты Сержан Пралиев баспасөз мәслихатын өткізіп, онда жүргізілген биологиялық сараптаманың нәтижелері туралы айтты.

Еске салайық, бұған дейін сот командирге үкім шығарғаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro