Жамбыл облысында шабуыл жасалған мотоцикл жүргізушісіне күзет қамтамасыз етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында шабуыл жасалған мотоцикл жүргізушісіне күзет қамтамасыз етілді видео кадры

Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысындағы жанармай құю бекетінде пышақталған мотоцикл жүргізушісінің адвокатының мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысындағы жанармай құю бекетінде пышақталған мотоцикл жүргізушісінің адвокатының мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін адвокат Зәкір Асадов жәбірленушіге күдіктінің туыстары қысым көрсетіп, ауруханаға барғанын айтқан. Ол істі кісі өлтіруге оқталу бабымен қайта саралап, басқа аймаққа ауыстыруды талап етеді.

Жамбыл облысының Меркі ауданында жанармай құю бекетінде суық қаруды қолдану арқылы жасалған шабуыл фактісі бойынша ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр. Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша (пышақпен жасалған бұзақылық) 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ізін суытпай ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

"Қылмыстық іс Жамбыл облысы ПД Тергеу басқармасының өндірісіне қабылданды, жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-тергеу тобының жұмысын үйлестіру үшін аймаққа ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері жіберілді. Оқиғаны толық және жан-жақты тергеу қамтамасыз етіледі. Күдіктінің іс-әрекетін қайта саралау туралы мәселе тергеу әрекеттерінің нәтижесі және қадағалау органының келісімі бойынша қаралады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, адвокаттың өтініші бойынша жәбірленушіге полиция қызметкерлері қатарынан күзет қамтамасыз етілді.

Тергеу барысы ҚР Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында жанармай құю бекетінде мотоцикл жүргізушісі пышақталып қалғаны хабарланды.

Желіде оқиғаның видеосы пайда болды. Кадрларда мотоцикл жүргізушісі жанармай құю бағанына қарай келе жатқаны, оның артынан ер адам еріп келе жатқаны көрінеді. Бір кезде ер адам қалтасынан пышақ тәрізді нәрсе шығарып, мотоцикл жүргізушісіне бірнеше соққы жасайды.

Артынша бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети