Жамбыл облысында шенеуніктер құны 100 миллионның зауытын 7 миллионға сатып жіберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында шенеуніктер құны 100 миллионның зауытын 7 миллионға сатып жіберген Видео кадры

Жамбыл облысы Меркі ауданының әкімдігі мемлекет мүлкін заңсыз сатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы Меркі ауданының әкімдігі мемлекет мүлкін заңсыз сатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Жамбыл облысында 6 жыл бойы мемлекет меншігіне алынбай келген "Сүт" фермасы ақыры әкімдікке қайтарылды.

Меркі ауданының шенділері құны 100 миллион теңге болатын зауытты 7 миллион теңгеге сатып жіберген. Аумағы 18 гектар нысан осыдан 8 жыл бұрын жеке серіктестіктің кәсіпорны болған. Бірақ оның басшысы экологиялық заңнама талаптарын бұзғаны үшін мемлекетке 52 миллион теңге берешек болып қалған. Сөйтіп, кәсіпкер айыппұлдың ақшасын сүт зауытын берумен өтейді. Нысан әкімдік балансына беріледі. Ал ондағылар мемлекет мүлкін 13 есе арзанға сата салған.

"Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі 2017 жылғы 5 қазанда бағаны төмендету тәсілін қолданып, 7 263 000 теңгеге М. есімді азаматқа заңсыз сатып жіберген. 2023 жылғы 3 мамырдағы заңды күшіне еңген сот шешімімен талап қанағаттандырылды, мүлік мемлекетке қайтарылды", - деді Меркі ауданы прокуратурасының прокуроры Алмас Борантаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети