15 маусым 2016 16:50

Жамбыл облысында Сириядан келген 5 босқын тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS/Marko Djurica © REUTERS/Marko Djurica

Сириядан келген 5 босқын Жамбыл облысында тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД жергілікті полиция басқармасына сілтеме жасап.


Сириядан келген 5 босқын Жамбыл облысында тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД жергілікті полиция басқармасына сілтеме жасап.

Айта кетейік, ведомство өкілдері босқындарды тіркеу туралы ақпаратты таратқан болатын. Сонымен қатар, бүгінгі таңда өңірде қанша босқындардың тіркелгені туралы да мәліметтер айтылған еді.

"2016 жылдың 25 мамырында облыс аумағында 6 босқын тіркелген, олардың арасында Сирияның бес азаматы мен Түркменстанның бір азаматы бар", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, ведомствоның мәліметінше, босқындар бір жыл уақытқа тіркеле алады. "Босқын ретінде тіркелген азаматтарға шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде куәлік беріледі", - деді Жамбыл облыстық ІІД жергілікті полиция басқармасындағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети