01 желтоқсан 2022 | 09:42

Жамбыл облысында тұрғындар әкімдік берген үйдің сапасына шағымданды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында әкімдіктен пәтер алған отбасылар оның сапасыз салынғанын айтып шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында әкімдіктен пәтер алған отбасылар оның сапасыз салынғанын айтып шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Тұрғындардың айтуынша, әлеуметтік тұрғын үйлердің төбесі тесіліп, қабырғасы ажырап, тіпті бөлменің ішіне шөп өсетін болған.

Меркі ауданындағы бұл жатақхана үш жыл бұрын әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға берілген. Жанар Қоңырбаеваның қызы да жалғызбасты ана есебінде екі бөлмелі пәтердің иесі атаныпты.

"Қыста үй екі сағатқа жетпей суып кетеді. Мына үйдің жағдайын көріп отырсыздар, қандай екенін. Опырылып ішіне түсіп кеткен кезі де болған. Ішіне кептерлер түсіп жатты. Оны әркім өзі жөндеп алды. Далада өсетін кәдімгі шөп үйдің ішіне өсіп жатыр. Оны қалай түсінуге болады?" - деді Меркі ауданының тұрғыны Жанар Қоңырбаева.

Тұрғындар барлық пәтерде осындай жағдай екенін айтады. Еденнен сыз тартып, қабырғасы көгерген. Cылақ түсіп жатыр. Ауладағы төсеніштерінің астаң-кестеңі шыққан.

Ал Жандос Үмбетов үйдегі жағымсыз иіске шыдау мүмкін емес екенін айтады. Себебі дәл пәтерінің түбіне шайынды су жиналатын шұңқыр қазылған.

"Екі кішкентай балам бар. Екі жыл болып қалды, есікті ашсам мүңкиді. Иісі қатты шығады. Осы шұңқырды әрі қарай ауыстырып берсе", - дейді Жандос Үмбетов.

Тұрғындар баспана құжатын әлі алмаған. Сондықтан пәтерді тартып алып, басқа біреулерге бергісі келе ме деп күдіктенеді. Ал шенеуніктер жағдайды бақылауға аламыз деп сендірді. Ал әлеуметтік пәтерлердің құжатын бермеді дегені шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Құжат жасалды. Толық біткен жоқ. Қателеспесем, екі-үш адам ғана қалды. Олар да құжатын алады. Одан проблема жоқ. Алаңда түсіп кеткен жерін демеушілер көмегімен қалпына келтіреміз. Шұңқырдың мәселесін зерделейік", - деді Меркі ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Арғынбаев.

Шенеуніктер 20 жылдан бері қараусыз тұрған ғимаратты үш жыл бұрын жөндеуден өткізіп пайдалануға бергенбіз дейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети