Жамбыл облысында тұрғынды интим видеосымен бопсалаған күдіктілер ұсталды

Алғабек Хамитұлы
Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында тұрғынды интим видеосымен бопсалаған күдіктілер ұсталды Фото: пресс-служба ДП Жамбылской области

Жамбыл облысында бопсалаумен айналысқан күдіктілер ұсталды. Полицияға Тараз қаласының 24 жастағы тұрғыны арызданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында бопсалаумен айналысқан күдіктілер ұсталды. Полицияға Тараз қаласының 24 жастағы тұрғыны арызданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараз қаласының полиция бөліміне бопсалау дерегі туралы облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны шағымданды. Жігіттің айтуынша, кейбір адамдар бопсалау және қоқан-лоқы көрсету арқылы интимдік сипаттағы бейнежазбаны таратпау үшін оның 990 мың теңге көлеміндегі ақшасын иемденген.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 94-бабы 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Жамбыл облысының полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Арлан" арнайы мақсаттағы жасағымен бірлесіп 29, 28, 24 және 19 жастағы жылы төрт азаматты ұстады. Ұсталғандар өз кінәларын толық мойындады. 24 пен 29 жас аралығындағы күдіктілер Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екі қатысушыға қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша бұлтартпау шарасы таңдалды.

Ұсталғандардың бірінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу-жедел шаралары жүргізіліп жатыр.

Осыған дейін Қостанайда бопсалаумен айналысқан топ ұсталғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ оларға адамды бас бостандығынан заңсыз айырды деген айып тағылып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети