Жамбыл облысында өртке оранған орман алқабын Ұлттық гвардия өшірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты аталған ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысында өртке оранған орман алқабын Ұлттық гвардия өшірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты аталған ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жамбыл облысында орын алған өте ауқымды өртті сөндіруге Ұлттық гвардия сапындағы 140-тен астам офицер, сержант және сарбаздар жұмылдырылған. Тараз қаласындағы 5513 әскери бөлімінде тамыздың 13-нен 14-іне қараған түні дабыл қағылып, әскерилер Меркі ауданындағы өрт болып жатқан аймаққа ұшақпен жеткізілді. Таулы аймақта болған өрт мемлекеттік орман қорындағы өте ауқымды территорияны зақымдаған", - деп хабарлайды Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі.
Қазір әскери қызметкерлер өрт ошағы орын алған жерде өрттің жалғаспауы үшін қажетті шаруаларды жасап жатыр.