Жамбыл облысында вагон рельстен шығып кеткеннен кейін 8 пойыз қозғалысы тоқтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында вагон рельстен шығып кеткеннен кейін 8 пойыз қозғалысы тоқтады Фото: Tengrinews.kz.

Жамбыл облысында рельстен шығып кеткен вагондарды жөндеу-қалыпқа келтіру жұмыстарынан кейін қозғалыс қайта жанданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында рельстен шығып кеткен вагондарды жөндеу-қалыпқа келтіру жұмыстарынан кейін қозғалыс қайта жанданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық компания баспасөз қызметі өкілдерінің сөзінше, вагондардың істен шығуы теміржол төсемі мен жылжымалы құрам зақымданғанын, қатарлас жолда пойыздарды өткізу реті бұзылып, учаске бойынша пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтаған.

"Жол бөлімшесі бастығы бұйрығымен оқиға орнына жедел түрде Алматы және Шу станциясынан оқиға салдарын жоюға арнайы қалпына келтіру пойызы жіберілді. Қалпына келтіру жұмыстары штаттық режимде жүргізілді және сағат 21:01-де учаскеде пойыздар қозғалысы қайта жанданды", - делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан қозғалыс кестесі бұзылды. Жалпы алғанда сегіз, оның ішінде төрт жолаушы пойызы тоқтады.

Оқиға себебін анықтау үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ арнайы комиссиясы құрылды.

Айта кетейік, 2021 жылғы 6 ақпанда сағат 15.20-да Жамбыл облысының Шу-Отар теміржол учаскесінде № 2534 жүк пойызының бос вагондары рельстерден шығып кеткені хабарланы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети