30 қаңтар 2021 | 14:58

Жамбыл облысында вакцинация өзге өңірлерге қарағанда кеш басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© med2.ru © med2.ru

Жамбыл облысында тұрғындарды жаппай вакциналау өзге өңірлерге қарағанда кеш басталады, - деп хабарлайды "Хабар 24".


Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында тұрғындарды жаппай вакциналау өзге өңірлерге қарағанда кеш басталады, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Мұнда ресейлік екпелер ақпанның ортасына таяу жеткізіледі. Вакциналау жұмыстары бірінші болып "қызыл аймаққа" кірген өңірлерде жүргізіледі. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді.

Қазір аймақта науқанға дайындық жүріп жатыр. Бүгінге дейін 40 маман арнайы дайындықтан өткен. Екпе жасалатын 575 арнайы бөлме әзірленді. Сондай-ақ шалғайдағы ауыл тұрғындарын вакциналау үшін 10 ауданда жылжымалы бригадалар жасақталып жатыр. Облыс бойынша 18 бен 64 жас аралығындағы 600 мыңға жуық адам вакциналанбақ. Олардың бір бөлігіне ресейлік, екіншісіне отандық QazCovid-in салынады. Екпе ерікті түрде, кезең-кезеңмен жүргізіледі.

Еске салайық, вакцина 18-ге толмаған балалар мен жүкті әйелдерге салынбайды.

"Ең бірінші кезеңде "қызыл аймақта" орналасқан облыс орталықтарында басталады. Жамбыл облысы әзірге "жасыл аймақта". 10-15 ақпан аралығында біз Жамбыл облысында вакцинацияны бастап кетеміз. Бірінші "Спутник V" вакцинасының 5 мың дозасы келу керек", - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети