Жамбыл облысындағы ауруханалардың бірінде нәресте көз жұмды. Себебі - белгісіз. Шу ауданының тұрғыны егіз баласының дене ыстығы көтеріліп, жөтелі тыйылмаған соң медининалық мекемеге жүгінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.
Жамбыл облысындағы ауруханалардың бірінде нәресте көз жұмды. Себебі - белгісіз. Шу ауданының тұрғыны егіз баласының дене ыстығы көтеріліп, жөтелі тыйылмаған соң медининалық мекемеге жүгінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.
Бейнежазбада 7 айлық егіздер Ева мен Дарияның Шу аудандық ауруханасында жатқаныны анық көрінеді. Мұнда жөтел мен дене қызуына байланысты түскен. Нәрестелердің анасының айтуынша, балалардың бірі тамақты қыздыру ем шарасынан кейін қан құса бастаған. Облыс орталығынан келген дәрігерлер ем жасағанымен, нәтиже шықпапты. Нәрестенің қандай кінәраттан қаза тапқанын дәрігерлер нақты айтпай отыр.
"Таңертең баланың іші ісіне бастады. Бізге зонд және тыныс алу аппаратын орнатқан болатын. Дәл сол зонд арқылы мұрыннан қан шығып отырған. Түні бойы бізге бірде-бір дәрігер жақындап, жағдайымызды сұрамады. Ал Тараздан келген мамандар ем қабылдай бастағанда, балапанымнан айырылып қалдық", - деді қайтыс болған баланың анасы Александра Семёнова.
Ал егіздің сыңары қазір Тараз қаласындағы емханада жатыр. Дәрігерлер балада пневмония бар деп, арнайы медициналық авиация арқылы облыс орталығына алдыртқан. Оның да жағдайы мүшкіл. Ақ халаттылардың айтуынша, тиісті ем-дом жасап жатыр.
"Бізге 10 сәуірде сағат 20:00-де Шу аудандық ауруханадан Семенова Ева 7 айлық қыз ауыстырылды. Ауысқан кезде жағдайы орташа хәлде түсті. Көрсетіп жатқан ем-шаралар хаттама бойынша жүргізіліп жатыр", – деді Балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Перизат Халықова.
Ал облыстық Денсаулық сақтау департаменті баланың өлімі жайлы ақпарат беруден бас тартты. Себебі тексеру іс-шарасы аяқталмаған. Ал полиция сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.
"Аталған факт тіркелді. Соталды тергеу амалдары басталды. Баланың денесі мәйітханаға жіберілді, сот-медициналық зерттеу тағайындалды. Қазір жан-жақты тергеу жүргізіп жатыр", – деді Жамбыл облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің бастығы Гүлсара Мұхтарқұлова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!