10 ақпан 2017 | 13:13

Жамбыл облысындағы дәріханаларға қатысты тергеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Жамбыл облысындағы дәріханаларға қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысындағы дәріханаларға қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Кәсіперлік Кодексінің 170-бабы 1-тармағының 1) тармақшасымен қарастырылған, бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылу белгілері бойынша дәрі-дәрмек заттарын көтерме саудада өткізумен айналысатын "Жасулан және К", "Амир және Д", "Садыхан" және "Қоныс Б" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне қатысты тергеп-тексеруді бастады", - делінген хабарламада.

Анықталған заң бұзушылықтың нарық субъектілерінің арасындағы баға келісімімен байланысты екені айтылады.

Еске сала кетейік, осыған дейін "СҚ-Фармация" ЖШС-ға антимонополиялық заңнаманы бұзғаны үшін 1,3 миллиард теңге айыппұл салынғаны хабарланған болатын. "Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы органы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу және халықты олармен қамтамасыз ету бойынша бірыңғай дистрибьютор болып табылатын "СҚ-Фармация" ЖШС үстем монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактісі аңықталған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети