ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қараша 2021 | 19:02
Жамбыл облысындағы жарылыс: Тоқаевтың баспасөз хатшысы қалыпқа келтіру жұмыстары туралы айтты
Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Жамбыл облысындағы жарылыстан кейінгі қалыпқа келтіру жұмыстарының барысы туралы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Жамбыл облысындағы жарылыстан кейінгі қалыпқа келтіру жұмыстарының барысы туралы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Берік Уәли Facebook-парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 27 тамызда Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты шұғыл жиналыс өткізіп, мемлекеттік уәкілетті органдарға қаза тапқан азаматтардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетуді және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырғанын жазды.
"• Жарылыс салдарынан қираған 176 нысанның бүгінде 173-і қалпына келтірілді. 35 тұрғын үй, 10 коммерциялық нысан, 2 мектеп пен 1 дәрігерлік пункт пайдалануға берілді. 2 коммерциялық нысанның және Жібек жолы ауылындағы 150 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр.
• Қайнар ауылында жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылды, үйлерге газ, су берілді.
• Қайта қалпына келтіру жұмыстарына Үкімет резервінен 1,2 млрд теңге бөлінді және демеушілер есебінен 102,3 млн теңге жұмсалды.
• Қаза тапқан азаматтардың отбасыларына 15 млн теңгеден материалдық көмек көрсетілді.
• Қаза тапқан азаматтардың отбасы мүшелерінің банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы қарыздары толығымен өтелді", - деп жазды Берік Уәли.
Еске салайық, 26 тамызда Байзақ ауданында орналасқан 28349 әскери бөлімінің аумағында болған өрт пен жарылыс салдарынан 17 адам қаза тапқан еді. Бір адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Қаза тапқандар арасында Төтенше жағдайлар департаменті мен прокуратура қызметкерлері және әскери қызметшілер бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также