Жамбыл облысындағы қызды 13 жыл бойы зорлау оқиғасы: тың дерек шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысындағы қызды 13 жыл бойы зорлау оқиғасы: тың дерек шықты Midjourney

Жамбыл облысында туған жиені 13 жыл бойы зорлады деп айыптаған ер адам қамауға алынды. Осы уақыт ішінде қыз туыстарына және әртүрлі органдарға шағынған, бірақ бұл іс тек биыл жанданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында туған жиені 13 жыл бойы зорлады деп айыптаған ер адам қамауға алынды. Осы уақыт ішінде қыз туыстарына және әртүрлі органдарға шағынған, бірақ бұл іс тек биыл жанданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық соттың баспасөз қызметі мәліметінше, 24 ақпанда Қордай аудандық сотында тергеу органдарының К.-ны қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініші қаралған.

"Тергеу судьясының қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды және 2 айға қамауда ұстауға санкция берілді", - деп жазылған сот мәліметінде.

Бұл іс туралы Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы "One-Stop-Service - Бір қадам" жобасының жетекшісі Айман Омарова мәлімдеген еді.

Оның айтуынша, 2023 жылы жобаға бала кезінен анасының ағасы тарапынан жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған қыз жүгінген. Қыздың туыстарына, мұғалімдеріне және полицияға шағымы нәтиже бермеген. 13 жылдан аса уақыт бойғы оның өмірі құдды тозаққа айналған.

2019 жылы қыз (ол кезде 15 жаста болған) жеті апталық жүктілікпен аудандық ауруханаға жүгінген. Бірақ содан кейін де оның туысы бостандықта жүрген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети