26 желтоқсан 2022 | 19:26

Жамбыл облысындағы өндіріс орындарында БАҚ өкілдеріне арнап пресс-тур өткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

БАҚ өкілдері бірқатар кәсіпорындарды аралады.
Жамбылдық журналистер өңірдегі бірқатар кәсіпорындарды аралады. Ең алдымен "Жамбыл Гипс" акционерлік қоғамының жұмыс барысымен танысты. Гипс тақтайшаларын шығаратын зауытта күн сайын 10 мың шаршы метрге дейін өнім өндіріліп, ол елімізге ғана емес, көрші Қырғыз еліне де таратылады.
Мұнан кейін журналистер қауымы "Avero" ЖШС-нің жұмысымен танысты. Жеті жыл бұрын жұмысын бастаған кәсіпорында матрастың 30 түрі шығарылады. Ал әр ай сайын 1 500 матрас дайындалады. Өнім Тараз қаласындағы жиһаз сауда орталықтары мен базарларда саудаланады. Зауытта бүгінгі таңда 30 адам еңбек етуде. Олардың орташа жалақысы 125 мың теңге. Зауыттың Астана, Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында филиалдары бар. Зауытқа қажетті шикізаттың басым бөлігі Ресей мен Қытай мемлекеттерінен жеткізілсе, он пайызын отандық өнім құрайды. Дайын өнімнің бағасы да халық үшін қолжетімді. Ең арзаны 30 мың теңге тұрса, қымбаты 200 мың теңге. Әрбір мартастың белгілі мерзімдік кепілдік мерзімі бар. Ол жауапкершілікті зауыт өз жауапкершілігіне алған.
Осы зауытта бір жарым жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қаптаушы-кесуші Жорабек Әбдірекешовты сөзге тарттық.

Иконка комментария блок соц сети

"Жұмысым өзіме ұнайды. Табысы да жақсы. Жұмысы да ауыр емес. Қолыңның ебі болса өзіңе оңай. Менің бір орында ұзақ тұрақтап жұмыс істеп отырғаным осы зауыт. Өз мамандығым заңгер. Ол бойынша жұмысқа орналасу қиын. Сондықтан осында келіп, жаңа мамандықты игеріп, ұнаған соң қалып қойдым. Қазір сұранысқа қарай жұмыс көлемін арттырудамыз", - дейді ол.

Ал тігінші Ағзам Хасанов өзі басқаратын тігін машинасымен күніне 20 матрасты көктеп, шетін бүріп, тігісін жатқызып шығарады екен. Бұл жұмысқа ол еліміздің Қарулы Күштерінде азаматтық борышын өтеп келген соң орналасыпты. Осы жұмысқа орналасқанына жылдан асқан ол, өзіне осы жұмыстың ұнайтынын айтты.

Серіктестік басшылығы алдағы уақытта кәсіпкерлігін бұдан да үлкейтіп, нарықта отандық өнім брендін жасауды мақсат етіп отыр.
Сондай-ақ, "Avero" зауытының қызметкерлері матрас қана емес, есік жасауды да мықтап қолға алған. Мұндағы есік 40 түрлі дизайнда дайындалса, әр ай сайын 500 есік сатылымға шығарылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материал Жамбыл облысының әкімдігімен ұсынылған
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети